Сәлем, достар! Біз бүгін сіздермен керемет жаңалықпен бөліспекшіміз. 2022 жылы 21 наурызда Қазақстан подкастерлерінің бірінші құрылтайы өтеді 🎉🎉🎉
Осы іс-шара туралы ой қалай келді, оны ұйымдастыру барысы мен талқыланатын тақырыптар, спикерлермен келісу, панельдік дискуссиялар қалай өтеді және тағы басқа сұрақтар талқыланатын подкастымызды тыңдауға шақырамыз.
Оны QazPodcast подкастының арнайы санатында тыңдай аласыздар. Әр жұма күні жаңа эпизод жариялап отырамыз.
Қазақстан подкастерлерінің алғашқы құрылтайынан қалыс қалмай, өз пікірлеріңізбен және ұсыныс-тілектеріңізбен бөлісе отырыңыздар.
Құрметпен, Елдар Құдайбергенов және Айым Тлепберген
Бұл подкаста менің Америкадағы өмірімнен алынған шынайы оқиғалар мен ойларым айтылған. Аудиоблог эпизодтары тақырып, формат, жанр жағынан ешқандай шектелмеген. Әдетте достарымызға жіберетін дауыстық хабарлама секілді.