Әр сенбі сайын сағат 18.00-де YouTube арнамда подкастерлердің онлайн-кездесуін ұйымдастырамын. Осы сенбі стрим қонағы «jaIQ» подкаст. «Подкастиң негіздері» подкаст жасауды үйрететін тегін онлайн-курс сайтында өтеді. QazPodcast - фейсбуктегі қазақ тілді подкастерлер тобы.
Бұл подкаста менің Америкадағы өмірімнен алынған шынайы оқиғалар мен ойларым айтылған. Аудиоблог эпизодтары тақырып, формат, жанр жағынан ешқандай шектелмеген. Әдетте достарымызға жіберетін дауыстық хабарлама секілді.